MEDEU Lamp
Сәулет тарихының жарығы
mlamp.kzАлматылықтардың жүрегін баурап алып, заманауи өнер мұражайларын тәнті етіп, бүкіл әлемге тараған білте шамды жасап шығардық.
«Қарлығаштар», 1973 жыл
Жоба Алматының символына айналған дүниелерге, атап айтқанда Медеу бөгетіндегі «Қарлығаштарға» сүйсінуден туындады. Әр адамның өз атмосферасында ләззат алуға мүмкіндігі болу үшін осы нышанды бейнелегіміз келді.
«Қарлығаштар» кеңестік сәулет тарихына терең енген және әрбір алматылыққа таныс. Medeu Lamp мәдени және тарихи мұраны құрметтейді. Білте шамды жобалай отырып, біз конструктивизм идеясын - өнер мен өндірісті, эстетика мен функционалдықты біріктіруді көздедік.
Жобаның авторы - Евгений Хоботов, SlonWorks агенттігінің басшысы
Білте шамның алғашқы 3D көрінісін @freebooterproud жүзеге асырды
Жобаның авторы - Евгений Хоботов, SlonWorks агенттігінің басшысы.
Бастапқыда бұл тұжырымдама жұмыс идеясы түрінде ғана болды, оны нақты іске асыру жоспары болмады. Instagram-да алғашқы эскиздер жарияланғаннан кейін жоба аудиторияны елең еткізіп, бірден қолдауға ие болды. Өндіріс бойынша алғашқы ұсыныстар пайда болды, бұл абстрактілі идеядан өнімді дүниеге әкелуге дейінгі нақты қадамдарға өтуге мүмкіндік берді.
Medeu Lamp алғашқы нобайы
Білте шамның 3D көрінісінің макеті
Бірінші білте шамды өндіру
Бірінші топтаманы жасап шығару
Білте шамның прототиптерінің бірі
Бірінші партияны өндіру
Қорапқа салынған білте шамның ақырғы прототипі
Өндіріс
Оның толығымен алматылық шеберлердің қолымен жасалған нағыз алматылық өнім болуы маңызды еді. Wooda компаниясының негізін қалаушы Михаил Клыгов жобаның серіктесі болды.
Біз көптеген прототиптер мен вариацияларды сынап көрдік: лайықты материалдарды іздедік, дұрыс пішінді таптық, түрлі бояу тәсілдері мен түстерді сынақтан өткіздік, әртүрлі жарықтандыру түрлері мен механизмдерді зерттедік. Прототиптердің жұмыс істеу қабілеттілігін және Білте шамның интерьерге қаншалықты үйлесімге болатынын, оның біздің алғашқы ойымызға сай келетінін сынақтан өткіздік. Алты айғы жемісті жұмыс пен ақырғы прототип бекітілді.
Өндірісті реттеп, келесі қадамға көштік
— өнімді орнықтыру және насихаттау стратегиясы.
Әрбір білте шамда QR-код бар
Medeu Lamp жай ғана интерьер бұйымы емес, ол Алматының туған тау бөктерінен басталатын тарихы бар жеке құндылық.
Тау мен Медеу баяғыдан алматылықтар үшін де, туристер үшін де қаланың символына айналған. Сондықтан Медеу білте шамы - Алматының бейресми символы сынды, енді оны әрбір адам өз үйіне қойып немесе Алматыдан жақсы естелік ретінде басқа елге алып кете алады. Тарихпен және сәулет мұрасымен байланысты тамаша бейнелейтін ұран пайда болды, ол өнімнің құндылығы мен функционалдығын ашып көрсетеді.
Medeu Lamp - сәулет тарихының жарығы.
Барлық білте шам өзінің бірегей топтамалық нөмірімен шығарылады, бұл оның иелері үшін шамның құндылығын арттыра түседі. Білте шамды сатып ала отырып, QR кодты сканерлеп, сайтқа көшуге және білте шамды өз атыңызға сақтап қоюға болады.
Ілгерілету онлайн түрде басталды. Сайтты әзірлеп, өнімнің инстаграмын іске қостық, осы жерде білте шамға алдын ала тапсырыс беруге болатынын жарияладық. Инстаграмды бастамаға арналған негізгі қарым-қатынас арнасы ретінде таңдадық, өндіріс енді қарқын алып келе жатқандықтан бізге құлашымызды кең жаю қажет болмады. Біз өнімнің құндылығын ашу арқылы, аудиторияны органикалық түрде біртіндеп кеңейттік. Контентті тизерлерден бастап кезең-кезеңмен дамыта отырып, тарихи анықтамаларды қозғап өттік және өніммен байланысты қалыптастырдық. Содан кейін бірте-бірте білте шамды, оның әртүрлі интерьерге қалай үйлесетінін, адамдардың тұрмысы мен жайлылығын қалай толықтыра түсетінін көрсеттік, оның қасиеттерін, функционалдығын, дизайнын егжей-тегжейлі сипаттап бердік
Сайт пен инстаграмға арналған контент жасау үшін топтамалық түсірілімдерді жүргіздік. Бұған бізге Ольга, Мария және Жанна есімді фотографтар көмектесті. Нәтижесі сапалы болып шығу үшін және түсірілім тез, оңай және нәтижелі өту үшін біздің команда барлық түсірілімнің контент-жоспары мен мудбордтарын алдын ала жасап қойды. Осылайша, бүкіл түсірілу командасы маңызды сәттерді қалай өткізіп алмау керектігін білді.
Шоурумдар
Келесі қадам оффлайн қарым-қатынас орнату болды. Өз өнімімізді ұсына алатын шоурумдар біздің аудиториямыз үшін концептуалды және қызықты болуы тиіс. Олардың алғашқысы Есентайдағы Elements store болды. Дианаға қолдау көрсетіп, жәрдемдескені үшін алғыс білдіреміз.
Заманауи өнер мұражайларымен ынтымақтастық ең керемет жоспар болды. Іске қосу кезеңінде біз үшін бұл арман ғана болатын, біз тығырықтан шығу жолдарын іздедік.
Elements шоурумы, Алматы қ., Әл-Фараби 77/8, «Essentai Mall» СОО 2-қабат
Мұражайлар бізді өздері байқады. Бұл орнықтыру мен қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылғанын білдіреді. Біз заманауи өнер мұражайларымен құндылықтар мен философия бойынша түйісіп жатамыз.
Almaty Museum of Art салтанатты ашылуын бүкіл қала болып көптен күттік. Дәл осы мұражай ашылғаннан бері өз шоурумына біздің білте шамдарымызды қоюды ұсынды.
Almaty Museum of Arts Алматы қ., Әл-Фараби көшесі, 28
Сонымен қатар, Целинный заманауи мәдениет орталығы да өз ынтымақтастығын ұсынды, ал кейіннен біз Мәскеудегі «Гараж» заманауи өнер мұражайында өз өнімімізді орналастырдық.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Алматы қ., Масанчи к-сі, 59
«Гараж» заманауи өнер мұражайы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 28
Жоба бірнеше айдан бері табысты дамып,
өз аудиториясын жинап келеді.
Біздің құндылықтарымыз мен философиямызды қолдайтын алматылықтың бейнесі пайда бола бастады.
«Алматы өнімі» - алматылық мәртебесін қалай бекіту керектігі туралы ролик түсіру идеясы келді. Бұл жолы идеяны Etofresh командасымен бірге жүзеге асырдық. Үш түрлі кейіпкер, үш түрлі атмосфера мен өмір салты - бірақ олардың барлығы Алматы туралы, алматылықтардың бос уақытын қалай өткізетіні туралы, олардың өзін қалай танытатыны, қандай құндылықтармен өмір сүріп жатқаны туралы. Тарихтың қазіргі заманмен байланысы, Алматы тарихының әрбір алматылықтың тарихымен байланысы туралы.
Роликтің қатысушылары - қарапайым адамдар, оларға «ойнауға» тура келмеді, олар жай ғана өздерінің өмір салтын көрсетті.
Роликті мына жерден көре аласыз
Medeu Lamp танымалдыққа ие болды, ол туралы БАҚ-та айтылып, жазыла бастады,
білте шамдар әлемнің түпкір-түпкіріне
кәдесый түрінде тарап кетті.
Жоба жақсы бастау алды
және әлі де дамуын жалғастырып келеді
Жобаға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз:
Түсірілімдегі модельдер:
Санжар Мади, @sanjar.madi
Молдир Мадиева, @mo_bn
Бекзат Аманжол, @bekzatamanjol
Алексей Хегай, @ alexey_khegay
Лейли Сиитова, @siitovaleili
Евгений Колокольников, @e_kolokolnikov
Алексей Хоботов,
Ева Хоботова;
Түсірілім командасы:
Ян Тен, @yan_uragan_
Юрий Пак, @jupitericy
Команда Etofresh, @etofresh_prod
Фотографтар:
Ольга, @olga_photodooshy
Мария, @slozhnomarya
Жанна, @jeatilda
Өндіріс командасы:
Михаил Клыгов, @mihoy30
Команда Wooda, @wooda.kz
3D көрсету:
Мирослав Артамонов, @freebooterproud
Жобаға деген ықыласыңыз бен қызығушылығыңыз үшін рақмет.
Жаңалықтар мен жаңартуларды қадағалап, Medeu lamp инстаграмына жазылыңыздар.
біз адамдардың
өмірін жақсартатын
жобаларды жасаймыз
credits
Автор
Евгений Хоботов
Арт-директор
Дария Бекенова
Асель Джумагалиева
Дизайнер
Таисия Лешина
Өндіріс
Михаил Клыгов
Менеджер
Светлана Поликарпова
Бағдарламашылар
Анастасия Шакирова
Антон Тарасюков
Айгерим Раисова
Автор
Евгений Хоботов
Арт-директор
Дария Бекенова
Асель Джумагалиева
Дизайнер
Таисия Лешина
Өндіріс
Михаил Клыгов
Менеджер
Светлана Поликарпова
Бағдарламашылар
Анастасия Шакирова
Антон Тарасюков
Айгерим Раисова
Medeu Lamp сатып алу
Medeu білте шамы
Жеткізу Medeu Lamp-тың құнына кірмейді.
Рақмет
Сізбен жақын арада байланысамыз!