Mamma Mia!
Ауқымды деректер дәуіріндегі шынайылық стратегиясы
ciaopizza.kzКлиент
Тапсырма
Қызметтер
Mamma Mia — отбасы ашқан, отбасы үшін ашылған, отбасы туралы сыр шертетін мейрамхана. Бұл — қонақжайлылық дәстүрі заманауи өмір ырғағымен бетпе-бет келетін кеңістік.
Біздің міндетіміз — брендтің рухани құндылығын сақтап қана қоймай, оның нарықта аяғынан нық тұрып, өсіп өркендеуінің іргетасы болып қаланатын коммуникациялық стратегия әзірлеу болды.
Біз негізгі сұраққа жауап беруіміз керек: әр қонақтың бабын тауып, жайлы жағдай жасай отырып, мейрамханалар желісінің ауқымын қалай кеңейту керек.
Терең зерттеу және жеке тұлғаның күші
Креативке кіріспес бұрын ауқымды талдау жұмысы жүргізілді: нарық пен бәсекелестерді талдау, жайғастыру картасындағы бос қуыстарды анықтау және брендтің 2024–2026 жылдарға арналған стратегиялық даму қағидаларын қалыптастыру. Қонақтармен сұхбат және желінің негізін қалаушымен мазмұнды әрі тартымды әңгіме оның маңызды бөлігіне айналды.
Mamma Mia — иесінің «жүректен жүрекке» жететін философиясы ұрпақтан ұрпаққа берілетін сирек бизнес үлгісі. Біз дәл осы шынайы отбасылық ауқым брендтің басты қозғаушы күші екенін түсіндік.
Біз бөліп көрсеткен брендтің ДНҚ-сы
- Отбасы: Команда мен қонақтарды біріктіретін басты құндылық.
- Шынайы қамқорлық үлгісі: Қонақжайлылық — иелердің жеке стандарты.
- Қауіпсіздік пен мирасқорлық: Әр тұрақты қонақты және оның талғамын білетін орын.
- Дәм үйлесімі: қамыр ұнынан бастап жаңа піскен насыбайгүлге дейін бүге-шігесі толық ойластырылған тұрақты сапа.
Креативті тұжырымдама
Брендтің кең танымалдылығы жарнама науқанының негізін қалады. Біз стандартты үндеулерден бас тартып, мағынаны қайталама слоган арқылы жеткізуді ұсындық:
Олар: «Mamma Mia-дағыдай дәмді!» дейді
Біз: «Дәмді! Дәл Mamma Mia-дағыдай!» дейміз
Бұл — шеберлікті мойындау. Ол тұрақты қонақтардың арасындағы позицияны нығайтып, брендпен әлі танысып үлгермеген аудиторияның қызығушылығын оятады. Слоган әмбебап және бірнеше құндылықты қатар жеткізеді: Mamma Mia-дағыдай жылы, Mamma Mia-дағыдай жайлы, Mamma Mia-дағыдай жылдам.
Референс для KV, источник D&G
Визуалды код және имидждік науқан
Стратегия брендтің қалыптасқан стилінің мирасқорлығын сақтай отырып, оны жаңа имидждік мазмұнмен толықтыруды көздейді. Негізгі назар статикалық кадрлардан нағыз қонақжайлылық рухын беретін жанды, кинематографиялық эстетикаға көшу.
Негізгі вижуал: «Отбасылық портрет»
Науқанның орталық элементі ретінде үлкен италиялық әулеттер дәстүріне сілтеме жасайтын ауқымды отбасылық сурет ұсынылды. Бұл жай ғана кадр емес, бұл өмір кескіні: бір дастарқан басында жиналып, мәз-мейрам болып, жүздері қуаныштан нұрланып тұрған әртүрлі жастағы адамдар. Бұл кадрда «үй ішіндегі қарбалас» көрсетілген: балалар қауіпсіз жерде, ересектер әңгімелесіп, жаңалықтарды талқылап жатыр, үлкендер немерелерімен әбігер.
«Махаббатпен», «Мейіріммен» немесе «Жайлы» сынды құндылықтарды бөліп көрсету үшін ортақ суреттің әр бөлігін жеке қолдануға болады. Мейрамхана интерьерінде бұл вижуал «Отбасы ошақ қасындағыдай! Дәл Mamma Mia-дағыдай!» деген жазумен ұсынылады.
Сыртқы коммуникация және өнімдік фокус
Науқанның мақсаты — имидж бен нақты нарықтық нәтижені біріктіру. «Mamma Mia-дағыдай дәмді» деген негізгі хабарлама мобильді қосымшаны ілгерілету үшін өнім стратегиясымен біріктірілген:
- «Mamma Mia-дағыдай жайлы!» сюжеті: мейірім мен жылу интерьер арқылы емес, жақын адамдармен бірге өткізген сәттер арқылы берілетінін және өзіңді ең сүйікті орындарыңның бірінде отырғандай сезінетініңді жеткізетін оқиға арқылы мейрамхана қабырғасынан тыс жайлылықты көрсету.
- Дәм эстетикасы: Команданың кәсібилігі мен «ішкі қарбаласты» ашып көрсететін көрнекі манифест.
- Қамту 360: Баннерлер мен әлеуметтік желілерден бастап жеткізу көліктерінің брендингіне дейінгі бүкіл буынды кешенді жаңарту.
Ішкі байланыс
Бренд философиясын- шынайы қамқорлық пен жылуды нақты өмірде көрсету үшін қызметкерлерге арналған ұсынымдар мен интерьерді безендіру стандарттары әзірленді.
Оқиғалар маркетингі
Стратегия бренд өмірінің ырғағы ретінде қарастырылады. Арнайы әзірленген оқиғалар күнтізбесі мерекелерді жаңа әдеттерді қалыптастыру нүктелеріне айналдырады:
- Наурыз: мейрамхананы үйдегі мерекелік дастарқанның бір бөлігіне айналдыратын арнайы отбасылық сеттер мен ыңғайлы алдын ала тапсырыстарды құрастыру.
- 1 маусым: Балалардың дамуына арналған шығармашылық аймақтары бар кеңістікке айналу.
- Жаңа жыл: Ерекше десерттермен және ғажайыптарға деген сеніммен мерекелік атмосфераны құру.
Цифрландыру және жеке тәсіл
Сервисті дербестендіруге арналған шешімдер қатар ұсынылды. Стратегиядағы цифрландыру - бұл осы қосымшалар арқылы қонақты «тану» тәсілі. Күнделікті атқаратын істерді (бронь қою, алдын ала тапсырыстар) автоматтандыру жақындарыңызбен қарым-қатынас жасауға уақыт қалдыруға мүмкіндік береді.
Заманауи тұтынушылық тәжірибе
Жеке бейілділік құралы мыналарды қамтиды:
- Қайта оралу мәдениеті: Жаңа дәмдерге қызығушылықты ояту жүйесі.
- Омникалдық: Барлық арнадағы бірыңғай «ананың даусы».
- Жайлылық және сервис: Тапсырыс берудің ең қарапайым жолы.
Mamma Mia кейсі — тіпті кең ауқымды желінің де шынайы, қамқор әрі әрдайым танымал бола алатынының дәлелі.
біз адамдардың
өмірін жақсартатын
жобаларды жасаймыз
credits
Менеджер
Светлана Поликарпова
Талдау және диагностика
Мадина Беттенкорт Хенрикез
Анастасия Гульметова
Арт-директор
Дария Бекенова
Дизайнер
Асель Джумагалиева
Кейс
Анель Даурова
Таисия Лёшина
Асель Джумагалиева
Менеджер
Светлана Поликарпова
Талдау және диагностика
Мадина Беттенкорт Хенрикез
Анастасия Гульметова
Арт-директор
Дария Бекенова
Дизайнер
Асель Джумагалиева
Кейс
Анель Даурова
Таисия Лёшина
Асель Джумагалиева